Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент белгілі экономист Жақсыбек Құлекеевті қабылдады

Опубликовано:

Тоқаев пен Құлекеев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі экономист Жақсыбек Құлекеевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президентке жаһандық геосаяси дағдарыс жағдайында ұлттық экономиканы дамыту жөнінде ұсыныстар енгізілді. Сондай-ақ мұнай-газ секторының ғылыми-инжинирингтік әлеуетін күшейту мәселелері қарастырылды.

Белгілі ғалым және қоғам қайраткері Жақсыбек Құлекеев Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары туралы өзінің көзқарасын айтты.

Сонымен қатар Жаңа Қазақстан құру аясында мемлекеттік қызметшілер мен экономика саласындағы мамандарды даярлау және қайта даярлау проблемалары талқыланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1966733-prezident-belgili-ekonomist-zaqsybek-qulekeevti-qabyldady/

pixel