Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев әлемдегі ірі Binance криптобиржасының негізін қалаушы Чанпен Чжаомен кездесті

Опубликовано:

Президент
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі ірі Binance криптобиржасының негізін қалаушы әрі бас директоры Чанпен Чжаоны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында еліміздің салалық құрылымдары мен Binance компаниясының арасында цифрлық қаржы саласындағы, блокчейн технологиясы бағыты бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастықтың ұзақмерзімді перспективалары, сондай-ақ Қазақстанда криптоиндустрияның өңірлік хабын құру мәселесі талқыланған.

Ақордадағы кездесу
Фото: Ақорда

Кездесу соңында президенттің қатысуымен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Binance компаниясының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Мемлекет басшысы
Фото: Ақорда

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1971033-toqaev-alemdegi-iri-binance-kriptobirzasynyn-negizin-qalausysymen-ari-bas-direktorymen-kezdesti/