Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларын қамауда ұстау мерзімі желтоқсанға дейін ұзартылды

Опубликовано:

Кәрім Мәсімов
Кәрім Мәсімов. Фото: knb.gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі желтоқсанға дейін ұзартылды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мәсімовпен бірге оның бұрынғы орынбасарларын да қамауда ұстау мерзімі жалғасады.

"Тергеу соты К. Мәсімов пен А. Садықұловты қамауда ұстау мерзімін 06.12.2022 жылға дейін, ал Д. Ерғожинді қамауда ұстау мерзімін 13.12.2022 жылға дейін, М. Осиповтің мерзіміг 22.12.2022 жылға дейін ұзартты", - делінген ҰҚК баспасөз хабарламасында.

Айта кетелік, Кәрім Мәсімов 2016 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін ҰҚК басшысы қызметін атқарды. Қаңтар оқиғасынан кейін Мәсімовтің ұсталғаны белгілі болды. Ол мемлекетке сатқындық жасады деп айыпталуда.

Оның орынбасарлары Ануар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де кейін қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1994478-karim-masimov-pen-onyn-orynbasarlaryn-qamauda-ustau-merzimi-zeltoqsanga-deiin-uzartyldy/

pixel