Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрам Қажыкен президенттікке кандидаттардың ішінде соңғы болып дауыс берді

Опубликовано:

Мейрам Қажыкен жұбайымен
Мейрам Қажыкен жұбайымен. Фото: NUR.KZ

Қазақстан президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен жұбайы және қызымен бірге президенттік сайлауда дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мейрам Қажыкен сайлауда дауыс беруге қызы және әйелімен бірге келген. Айта кетейік, оның қызы сайлау учаскесі орналасқан мектепте оқыған.

"Біз жеңіп жатырмыз... бірақ екінші тур болады деп ойлаймын, мен және тағы бір үміткер өтеміз", - деді Мейрам Қажыкен.

Мейрам Қажыкенді Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде "Аманат" Қазақстан кәсіподақтары достастығы" ұсынған болатын.

"Адамдар өзгерісті қалайды, олар өзгерістерді күтуде, сондықтан өзгерістер дереу басталуы керек және олар айқын, нақты, әлеуметтік, саяси, экономикалық өзгерістер болуы керек.

Сондықтан мен бүгін реформаларға, нақты реформаларға дауыс бердім. Бізге халық соңынан еретін президенттің құзырындағы ауқымды реформалар қажет", - деді Қажыкен.

Еске сала кетейік, Мейрам Қажыкеннен басқа Салтанат Тұрсынбекова, Жигули Дайрабаев, Нұрлан Әуесбаев, Қарақат Әбден және Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда дауыс берді

Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы өзінің ресми сайтында Қазақстандағы президент сайлауына қазақстандықтардың қатысуы туралы алғашқы деректерді жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998028-meiram-qazyken-prezidenttikke-kandidattardyn-isinde-songy-bolyp-dauys-berdi/

pixel