jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

СІМ: Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ

Түркиядағы жер сілкінісі
Фото: Muzaffer Cagliyaner/Anadolu Agency via Getty Images

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомтсвода өткен брифингте Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен немесе қаза тапқан қазақстандықтар бар ма деген сауалға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ

Айбек Смадияров елшілік үнемі байланыста екенін хабарлады.

"Түркия Республикасындағы елшілігіміздің мәліметінше, Астана уақыты бойынша сағат 15:00-дегі жағдайға сәйкес Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен кейін Қазақстан азаматтарынан өтініштер түскен жоқ.

Консул Түркияның төтенше жағдайлар департаментімен тұрақты байланыста. Қазіргі уақытта тізімде зардап шеккен немесе қаза тапқан Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ", - деді Смадияров.

Сонымен қатар ол көптеген тұрғын үйдің қирауына байланысты қазіргі таңда іздестіру жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

Еске сала кетейік, кеше түнде Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,5 бал болатын күшті жер сілкінісі тіркелді.

Жерасты дүмпулері тек Түркияда ғана емес, көршілес Сирия мен Ливияда да сезілді. Жер асты дүмпуі салдарынан ғимараттар қирады.

Соңғы мәлімет бойынша, төтенше жағдай салдарынан кем дегенде 500 адам қаза тапты, оның 230-дан астамы сириялықтар, сондай-ақ кем дегенде 280 түрік азаматы көз жұмды.

Айта кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанға жеделхат жолдаған болатын. Ол түрік халқына көңіл айтып, көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді

СІМ: Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.