jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтының атауы өзгерді

    Нұрсұлтан Назарбаев
    Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: elbasy.kz

    Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтының атауы мен веб-мекенжайы өзгерді. Бұрын elbasy.kz болған сайттың атауы қазір nazarbayev.kz деп аталады.

    Аталған сайттан Қазақстанның тұңғыш президентінің өмірбаянын, экс-президент қатысқан іс-шаралардан фотосуреттерді көруге болады.

    Сондай-ақ сайтта Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптары мен мақалалары да бар. Одан бөлек сайтта экс-президенттің өмірі мен қызметіне байланысты соңғы жаңалықтар жарияланып отырады.

    Айта кетейік, сайттан Елбасы туралы заңға арналған бөлім жойылған.

    Еске сала кетейік, 11 ақпанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы туралы заңның күшін жоятын Конституциялық заңға қол қойды.

    Сондай-ақ бұған дейін Елбасы туралы заңның күші жойылғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев қандай артықшылықтардан айырылатынын жазған едік.

    Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтының атауы өзгерді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.