Тоқаев Шавкат Мирзиеевпен бейресми кездесу өткізу үшін Шымкент қаласына барды
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен бейресми кездесу өткізу үшін Шымкент қаласына бады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Қазақстан президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылады.
Еске сала кетейік, 2022 жылғы желтоқсан айында Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Өзбекстанға барған еді.
Екі күндік сапар аясында мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.
Сондай-ақ екі елдің басшылары Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекараларын демаркациялау туралы шартқа қол қойды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2011659-toqaev-savkat-mirzieevpen-beiresmi-kezdesu-otkizu-usin-symkent-qalasyna-bardy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.