Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыста болған жағдай қайталанбауы керек": Тоқаев Екібастұздағы ЖЭО-ны жөндеу жұмыстарымен танысты

Опубликовано:

Екібастұздағы ЖЭО
Екібастұздағы ЖЭО. Кадрдан үзінді: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұздағы жылу электр орталығында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Бұл жұмыс бақылауымызда болады. Бұл – өте маңызды жұмыс. Олқылықтар болса, тиісті шешімдер қабылдаймыз. Былтыр қыста болған жағдай қайталанбауы керек. Азаматтарымыз шыдамдылық, сабырлық танытып отыр. Бірақ оның да шегі бар. Сондықтан әкімдерге осындай тапсырма берілді. Тиісті қаражат бөлініп жатыр. Жоспарлардың бәрін міндетті түрде іске асыру керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, 2022 жылы қараша айының соңында Екібастұздағы жылу электр орталығында ірі апат болды. Соның салдарынан қаланың басым бөлігі жылусыз қалды.

Қалада төтенше жағдай режимі жарияланды. ТЖ режимі 8 желтоқсанда алынды.

Ақпан айында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұздағы ЖЭО апатының алдын ала себебін айтты.

18 ақпанда Екібастұздағы жылу электр орталығында штаттан тыс жағдай орын алды.

Сәуірде Скляр Екібастұзда бұдан былай жылудан проблема болмайды деп уәде еткен.

Кейін мемлекет басшысы үкіметке және облыс әкімдігіне Екібастұздағы жағдайды қалыпқа келтіру, қаладағы ауыр ахуалға жол берген адамдарды жауапқа тарту жөнінде тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2031812-qysta-bolgan-zagdai-qaitalanbauy-kerek-toqaev-ekibastuzdagy-zeo-ny-zondeu-zumystarymen-tanysty/

pixel