Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Макрон әлеуметтік желіде Қазақстанға алғашқы сапары туралы жазба жариялады

Опубликовано:

Эммануэль Макрон Астанада
Эммануэль Макрон Астанада. Фото: twitter.com/EmmanuelMacron

Кеше Франция президенті Қазақстанға ресми сапармен келді. Бұл оның Қазақстанға алғаш келуі. Француз көшбасшысы әлеуметтік желілерде сапар туралы өз ойын бөлісіп, жазба жариялаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Эмманюэль Макрон Х-тегі (бұрынғы Twitter) микроблогында Қазақстан туралы бірнеше жазба жариялады. Біріншісінде ол Қазақстан мен Францияның ынтымақтастығы туралы ойын айтқан.

"Ірі державалар үстемдікке қайта ұмтылған, ал кейбірінен болжауға болмайтын әрекет күткен әлемде жаңа перспективаларды ортақ етуге және бірге құруға болатын серіктестер мен достарға сене алу өте бағалы. Қазақстан мен Франция солардың қатарына кіреді", - деп жазды Эмманюэль Макрон.

Екінші жазба қос елдің жастарына арналды.

"Бүгін Қазақстан мен Франция арасында көптеген келісімге келдік. Бұл біздің маңызды сын-қатерлерге қарсы ынтымақтастығымыз. Бұл мен Астанада кездестірген жастар! Біздің мәдениеттеріміз бен тілдеріміздің арасындағы байланыстырушы осы жастар біздің достығымыздың белгісі", - деді Франция президенті.

Еске салайық, 1 қарашада Астанаға ресми сапармен Франция президенті Эмманюэль Макрон келді. Елордалық әуежайда оны премьер-министр Әлихан Смайылов қарсы алды.

Осыдан кейін Француз көшбасшысы Ақордаға келіп, Тоқаевпен кездесті. Резиденцияда салтанатты рәсім өтті - қос мемлекеттің басшылары қол алысып, Қазақстан және Франция министрлерімен танысып, елдердің мемлекеттік әнұрандарын тыңдады.

Тоқаев Макронның келуін тарихи сапар деп атады. Өз кезегінде француз лидері Қарағанды облысындағы шахтадағы қайғылы оқиғаға байланысты көпшілік алдында көңіл айтты. Кейінірек мемлекет басшылары кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді, содан кейін бірлескен мәлімдеме жасады.

Сонымен қатар Тоқаев пен Макрон Астанадағы бизнес-форумға қатысты. Кейін Франция президенті "Этноауыл" арнайы көрмесіне барып, "асық ату" ұлттық ойынын ойнады. Кешке президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордалық әуежайда Қазақстанға ресми сапарын аяқтаған Макронды жеке өзі шығарып салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2043727-makron-aleumettik-zelide-qazaqstanga-algasqy-sapary-turaly-zazba-zariyalady/

pixel