Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тағы салып беруін сұрады": Жұманғарин франциялықтардың жылқы етіне реакциясы туралы айтты

Опубликовано:

Серік Жұманғарин
Серік Жұманғарин. Фото: primeminister.kz

Бүгін Ақорда кулуарында премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин жылқы етін Францияға экспорттау жоспары туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Серік Жұманғарин қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару қажеттігін атап өтті.

"Кеше біз франциялықтармен жылқы етін экспорттау туралы тақырыпты қозғадық, өйткені Франция жылқы етін тұтынатын ел. Қазір Жапонияға тасымалдайтын 32 жеткізушіміз бар, енді оған қоса Францияға экспорттау көлемін ұлғайту керек. Кеше де оларға еттен дәм татуды ұсындық", – деді ол.

Журналистер вице-премьер-министрден франциялық қонақтар бұл тағамды қалай қабылдады деп сұраған кезде Серік Жұманғарин "тағы салып беруін сұрады" деп қысқа жауап берді.

Сондай-ақ оған жылқы етінің экспорты ішкі нарыққа зиянын тигізуі мүмкін бе деген сауал қойылды.

"Биылғы көрсеткіштеріміз жақсы, әсіресе жылқы еті бойынша көрсеткіш өсуде", – деп жауап берді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 1 қарашада Астанаға ресми сапармен Франция президенті Эмманюэль Макрон келді. Елордалық әуежайда оны премьер-министр Әлихан Смайылов қарсы алды.

Осыдан кейін Француз көшбасшысы Ақордаға келіп, Тоқаевпен кездесті. Резиденцияда салтанатты рәсім өтті - қос мемлекеттің басшылары қол алысып, Қазақстан және Франция министрлерімен танысып, елдердің мемлекеттік әнұрандарын тыңдады.

Тоқаев Макронның келуін тарихи сапар деп атады. Өз кезегінде француз лидері Қарағанды облысындағы шахтадағы қайғылы оқиғаға байланысты көпшілік алдында көңіл айтты. Кейінірек мемлекет басшылары кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді, содан кейін бірлескен мәлімдеме жасады.

Сонымен қатар Тоқаев пен Макрон Астанадағы бизнес-форумға қатысты. Кейін Франция президенті "Этноауыл" арнайы көрмесіне барып, "асық ату" ұлттық ойынын ойнады. Кешке президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордалық әуежайда Қазақстанға ресми сапарын аяқтаған Макронды жеке өзі шығарып салды.

Ал кеше, Қазақстанға алғаш рет келген Француз көшбасшысы әлеуметтік желілерде сапар туралы өз ойын бөлісіп, жазба жариялаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2043766-tagy-salyp-beruin-surady-zumangarin-franciyalyqtardyn-zylqy-etine-reakciyasy-turaly-aitty/

pixel