Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Катар әмірі Тоқаевқа бағалы сыйлық тарту етті (видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Катар мемлекетінің негізін қалаған шейх Джасим бен Мұхаммед бен Тәнидің қылышы табысталды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мемлекеттің негізін қалаушы шейх Джасим бен Мұхаммед бен Тәнидің қылышы – Қатардың ең жоғары мемлекеттік символы. Оны монархтарға, ханзадаларға және мемлекеттер басшыларына Катар мемлекетіне және бүкіл адамзаттың дамуына қосқан үлесі үшін әмірдің өзі табыстайды", - делінген Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада.

Бұл қылыш алғаш рет Сауд Арабиясының Королі Салман бен Абдулазиз Әл Саудқа табыс етілген (2016). Кейінірек қылыш Оман Сұлтаны Хайсам бен Тарекке (2021) және Испания Королі VI Филиппке (2022) сыйға тартылды.

Бұл символ – Катар мемлекетінің негізін қалаушы шейх Джасим бен Мұхаммед бен Тәни (1827-1913) ұстаған қылыштың дәлме-дәл көшірмесі. Қыны алтынмен (18 карат) апталған, екі жағы әшекейленген. Жүзі бағалы, тот баспайтын болаттан құйылған, ал сабы түйе сүйегінен жасалып, агатпен және турмалинмен қапталған.

Айта кетейік, кеше мемлекет басшысы Катарға мемлекеттік сапармен келді.

Бүгін, 14 ақпанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Катар әмірінің Diwan Amiri сарайына келді. Резиденцияда Қазақстан президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Катар мемлекетінің әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен келіссөз жүргізді.

Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды.

Сондай-ақ президент қазақ-катар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысады және осы елдің бизнес капитандарымен бірқатар кездесу өткізеді деп күтіліп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2060995-katar-amiri-toqaevqa-bagaly-syilyq-zasady/

pixel