Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жоғарғы сот өкілі Самат Әбішке қатысты үкім туралы айтты

Опубликовано:

Самат Әбіш
Самат Әбіш. Фото: ҰҚК-нің ресми сайтынан алынды

Мәжіліс отырысы аясында өткен брифингте Жоғарғы соттың Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметулина "Самат Әбіштің үкімі заңға сәйкес пе?" деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Алқа төрағасының сөзінше, бәрі заң аясында.

"Істің мән-жайын айтып бере алмаймын. Өйткені мен бұл істе судья болған жоқпын, істі қарауға да қатыспадым. Қылмыстық кодекстің 63-бабында қандай жағдайда шартты түрде соттауға болмайтыны айтылған. Сыбайластық жемқорлық немесе аса ауыр санаттағы қылмыстар бойынша шартты түрде соттауға болмайды. Осыларға жатпаса, оны шартты түрде соттауға тыйым салынбаған", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш шартты түрде 8 жылға сотталғанын жазған едік. Бұл туралы мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Facebook парақшасында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш шартты түрде сотталғанын жазып, жазба жариялаған.

Самат Әбіш ісі

Еске салайық, 2022 жылдың 17 қаңтарында Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

2023 жылдың қыркүйегінде Бас прокуратура ведомствоның арнайы прокурорлары ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты "қаңтар оқиғалары" кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

2024 жылғы 15 қаңтарда Самат Әбішке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2120226-zhogargy-sot-okili-samat-abishke-qatysty-ukim-turaly-aitty/