jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Нұрсұлтан Назарбаев отставкадан кейін немен айналысып жүр?

    : UGC

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың президент өкілеттігін тоқтатқан күннен бастап бір апта өтті. Қазір елімізідң Тұңғыш президенті немен айналысып жүр? Осы уақыт аралығында Елбасы өзге мемлекет басшыларымен телефон арқылы сөйлесіп, көптеген іс-шараларға қатысты деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Фото: NUR.KZ
    Фото: NUR.KZ: Original

    Осы аптада Назарбаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен, Әзірбайжан басшысы Ильхам Әлиевпен, Реджеп Тайып Ердоғанмен, Армен Саркисянмен, Владимир Путинмен және Петр Порошенкомен, Анджей Дудамен, сондай-ақ, Түркияның бұрынғы президенті Абдулла Гюльмен телефон арқылы сөйлесті.

    Реджеп Тайып Ердоғанмен әңгіме барысында Елбасы мен Түркия президенті бір-бірін Наурызбен құттықтады.

    Фото: Ақорда
    Фото: Ақорда: UGC

    Оған қоса, Нұрсұлтан Әбішұлы Наурыз тойға қатысып, этноауылға қазіргі президент Тоқаевпен бірге барды.

    Олар қала тұрғындары мен қонақтарын, сондай-ақ, барлық қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.

    Құттықтаудан бөлек, ол Наурызда Назарбаев пен Тоқаевтан бата алу үшін келген жас жұбайларға бата берді.
    Фото: Ақорда
    Фото: Ақорда: UGC

    Сонымен қатар, 25 наурыз күні елбасы Әсет Исекешевті Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті қорының атқарушы директоры етіп тағайындады.

    Назарбаевтың шешімімен оның кеңсесіне бөлімшелердің басшылары бекітілді. Мәселен, Айдос Үкібай Елбасының баспасөз хатшысы, Арслан Дандыбаев хаттаманың басшысы болды.

    Фото: NUR.KZ
    Фото: NUR.KZ: Original

    Күні кеше, 26 наурыз күні Нұрсұлтан Назарбаев Алматы жастарымен кездесті. Бұрынғы президентті күтіп алуға қаладағы жоғары оқу орындарынан 2000-ға жуық студент жиналды. Олар Елбасын ұшақ баспалдағынан гүлмен қарсы алды.

    Жастар Тұңғыш президентке елдің қалыптасуы мен дамуына қосқан орасан зор үлесі үшін алғыс айтты.

    Нұрсұлтан Назарбаев отставкадан кейін немен айналысып жүр?

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.