jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаевтың ШЫҰ мемлекеттері басшыларымен бейресми кездесуінен суреттер жарияланды

    Тоқаев
    Фото: Facebook / Berik Uali

    Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі ресми парақшасында Душанбедегі бейресми кездесудің суреттерін жария етті.

    Берік Уәли Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының Душанбедегі бейресми кездесуінен фотоларды назарға ұсынды. Фотолардан Қасым-Жомарт Тоқаевты, Эмомали Рахмонды, Садыр Жапаровты, Никол Пашинянды байқауға болады.

    Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысқанын жазған болатынбыз.

    Мемлекет басшысы биыл ұйым үшін ерекше жыл екенін және осыдан жиырма жыл бұрын тарихи қадам жасалғанын, яғни ШЫҰ-ны құру туралы Декларация қабылданғанын атап өтті.

    Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары кеңесінің отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ мемлекеттерінде вакцинация төлқұжаттарын өзара мойындау рәсімін жеделдетудің маңыздылығын айтқан еді.

    Бұл ретте ол пандемияның ең қиын кезеңінде ШЫҰ серіктестері өзара гуманитарлық көмек көрсету арқылы нағыз "Шанхай ынтымақтастық рухын" көрсеткенін атап өтті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.