jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Жаңаөзенде болған жарылыстың салдарын жою жұмыстарын тез арада бітіруді тапсырды

    Жаңаөзендегі жарылыс болған жерде жұмыс істеп жатқан құтқарушылар
    Жаңаөзендегі жарылыс болған тұрғын үй. Оқиға орнынан фото: t.me/qr_tjm

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте таяуда Жаңаөзенде болған жарылыстың салдарын жою жұмыстарын тез арада бітіруді тапсырды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    "Жаңаөзенде болған жарылыстың салдарын жою жұмыстарын тез арада бітіру қажет. Жалпы, Жаңаөзен – мұнай-газ саласына ғана қарап отырған моноқала. Сол себепті, біз оны дамыту үшін арнайы кешенді жоспар қабылдадық. Осы құжатты мейлінше жүзеге асыру керек. Үкімет те бұл жұмысқа жауапты болады", – дейді президент.

    Еске салсақ, дүйсенбі, 17 сәуір күні Жаңаөзен қаласындағы екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйде газ жарылып, адамдар зардап шеккен болатын.

    Кейін жарылыстан төрт адамның қаза тауып, алты адамның ауруханада жатқандығы белгілі болды.

    Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

    Сондай-ақ Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ала болжам бойынша ауаға газ тарап, жарылыс содан болуы мүмкін екенін мәлім етті.

    Тоқаев Жаңаөзенде болған жарылыстың салдарын жою жұмыстарын тез арада бітіруді тапсырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.