jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Павлодар облысында басы дауға қалған әкім қызметіне оралды

    Бауыржан Бозтаев
    Бауыржан Бозтаев. Фото: NUR.KZ

    Бауыржан Бозтаев қайтадан Әлкей Марғұлан атындағы ауылдың әкімі болып, сайланды. Шенеунік сайлауда 101 дауыс жинап, жеңіске жеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Екібастұз әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

    Әкімдіктің мәліметінше, Әлкей Марғұлан атындағы ауыл әкімін сайлауға қатысу үшін сайлаушылар тізіміне 274 азамат енгізілген. Алайда олардың 177-і ғана дауыс берген.

    Ауыл әкімі болуға өзін өзі ұсынған үш кандидат үміткер болған.

    "Әр кандидатқа берілген дауыстар саны: Б.К. Бозтаев – 101, Р.А. Мукашева – 48, А.Е. Сұлтанов – 15. Нәтижесінде академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылдың әкімі болып Бауыржан Кенжетайұлы Бозтаев сайланды", – делінген хабарламада.

    Әкімдік Бауыржан Бозтаев 1976 жылы дүниеге келгенін, Әлкей Марғұлан атындағы ауылында тұратынын атап өтті.

    Сонымен қатар Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысындағы департаменті Әдеп кодексінің бұзылуына және жұмыстан босатылуына қарамастан, Бауыржан Бозтаевтың шенеуніктер қатарына қайта қосылуына заң бойынша ешқандай тыйым салынбағынын атап өтті.

    Еске салсақ, биыл науыз айында Әлкей Марғұлан атындағы ауылдың әкімі Бауыржан Бозтаевтың жұмыста мас күйінде болғаны туралы ақпарат тараған еді. Шенеунік сол кезде бұл әркетін ауылды су басып, суды сору жұмыстарымен айналысып жүргенде қатты суық тигізіп алған соң ішкенімен түсіндірген болатын.

    Кейін оның әрекеті Әдеп кеңесінде қаралып, Бауыржан Бозтаев қызметінен босатылған еді.

    Павлодар облысында басы дауға қалған әкім қызметіне оралды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.