jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Жер сілкінісінен зардап шеккен Ауғанстанға гуманитарлық жүктің екінші партиясы жіберілді

    Теміржол көлігіне жүк тиеп жатқан әскери қызметшілер
    Әскери қызметкерлер. Фото: ТЖМ ресми сайты

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ауғанстанға жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға қолдау көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен бөлінген гуманитарлық жүктің екінші партиясы жөнелтілді. Бұны ТЖМ ресми сайты хабарлады.

    Ведомствоның хабарлауынша, Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ауғанстанға жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға қолдау көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен бөлінген гуманитарлық жүк 1659 тоннаны құрады.

    Гуманитарлық көмектің бірінші партиясы, яғни 70 шатыр және "СК-Фармация" ЖШС дәрі-дәрмектері 11 қазанда Ауғанстанның Герат қаласына Ұлттық ұланның ұшағымен жеткізілген болатын.

    Бүгін, 16 қазан күні 27 теміржол вагонына тиелген гуманитарлық жүк (ұн, күріш жармасы, өсімдік майы, сүт консервілері, кереуеттер, төсек-орын жабдықтары, киім) Алматы қаласы мен Қарағанды облысынан жөнелтілді.

    Тиеу жұмыстарын ТЖМ 28237 және 52859 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қамтамасыз етті.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанға құтқарушылар мен гуманитарлық көмек жіберуді тапсырған еді.

    Жер сілкінісінен зардап шеккен Ауғанстанға гуманитарлық жүктің екінші партиясы жіберілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.