jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Талғат Дүйсенбек
    Талғат Дүйсенбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Кімнің шын, кімнің өтірік істеп жүргенін түсіне алмадық": ТЖМ басшысы Перизат Қайраттың ісіне пікір білдірді

    Перизат Қайрат
    Перизат Қайрат. Фото: instagram.com/01pk

    Төтенше жағдайлар жөніндегі министрі ақша жымқырды деген күдікпен ұсталған Перизат Қайраттың ісіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Министр Шыңғыс Әріновтің айтуынша, биыл көктемде Қазақстанның бірнеше өңірінде су тасыған уақытта көптеген ерікті көмектескен.

    "Сол сәтте кімнің шын ниетпен, кімнің өтірік істеп жүргенін түсіне алмадық. Біздің мақсатымыз гуманитарлық көмекті зардап шеккен аймақтарға жеткізу болды. Басқасына шаруамыз болмай, өз ісімізді атқардық. Оны қандай да бір жерге жіберген-жібермегені есімде жоқ. Бірақ гуманитарлық көмек дер кезінде жеткізілгені анық", - дейді сенат кулуарында журналистер сауалдарына жауап берген министр.

    Министр қайырымдылық қор басшысы Перизат Қайраттың ұсталғанына қатысты да пікір білдірді.

    "Иә, күтпеген жағдай. Бірақ қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Басқа қандай пікір айту керек?".

    Осының алдында журналистер премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннен осы іске қатысты сауалдар қойған, алайда шенеунік жауап беруден бас тартқан.

    Естеріңізге сала кетейік, 14 қарашада қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат көктемгі су тасқыны кезінде халықтан жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталғаны мәлім болды. Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдерінің мәлімдеуінше, Перизат Қайрат қорға түскен ақшаның негізгі бөлігін жылжымайтын мүлік пен бағалы заттар сатып алуға жұмсаған.

    Кейін қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов Biz Birgemiz қорының басшысы Перизат Қайрат ісіне қатысты сауалдарға жауап берді.

    Сонымен қатар Перизат Қайрат пара үстел теннисі федерациясының басшысы қызметінен босатылғаны белгілі болды.

    AMANAT партиясының өкілдері де Перизат Қайраттың ұсталуына қатысты пікір білдіріп, партияның оның қызметіне ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

    Бүгін, 16 қарашада ҚМА өкілдері Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына жиналған қаржыдан 200 млн теңгеден аса қаражатты жымқырды деп тағы бір күдікке ілінгенін хабарлады.

    Кейін Астана соты бұлтартпау шарасымен Перизат Қайрат екі ай мерзімге қамауға алынғанын мәлім етті.

    "Кімнің шын, кімнің өтірік істеп жүргенін түсіне алмадық": ТЖМ басшысы Перизат Қайраттың ісіне пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.