Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды: ол қашан өтеді
Жарияланған күні:
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ерлан Қошанов парламент палаталарының келесі отырысын 27 наурызға шақырды.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 27 наурызда сағат 10:00-де Астана қаласында шақырылсын", – деп жазылған өкім мәтінінде.
Айта кетейік, бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, депутаттар "Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы" Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Отырыста премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алатау қаласын дамыту жоспары туралы баяндады.
Оның айтуынша, Алатау қаласын дамыту үшін Хайнань Сингапур, Дубай, Доха сияқты үздік қалалардың тәжірибесі қарастырылған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2356872-qoshanov-parlament-palatalarynyng-birlesken-otyrysyn-shaqyrdy-ol-qashan-otedi/