Тоқаев Италия премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Жарияланған күні:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италия премьер-министрі Джорджа Мелониге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың ресми Telegram арнасында хабарланды.
Ведомствоның хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Италияның көрнекті мемлекет қайраткері, бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлусконидің дүниеден өтуіне байланысты Джорджа Мелониге көңіл айту жеделхатын жолдаған.
Президент өзінің жеделхатында Сильвио Берлусконидің Қазақстан мен Италия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға орасан зор үлес қосқанын атап өтті.
Еске сала кетейік, Итаияның экс-премьер-министрі әрі "Милан" футбол клубының бұрынғы президенті Сильвио Берлускони дүние салғаны туралы жазған болатынбыз. Ол дүниеден 87 жасында озды.
Сондай-ақ бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев 22 мамыр күні Қазақстанға жұмыс сапарымен келетін Италия премьер-министрі Джорджа Мелонимен кездесуі керек болғаны туралы жазғанбыз, бірақ Мелони өз елінде орын алған табиғи апатқа байланысты іссапардан бас тартуына мәжбүр болған.
Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Италия премьер-министрі Джорджа Мелонимен телефон арқылы сөйлесіп, Италия премьер-министрі Эмилия-Романьядағы су тасқынынан зардап шеккендерге байланысты Тоқаевтың Италияға көңіл айтқанына алғысын білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2024463-toqaev-italiya-premer-ministrine-konil-aitu-zedelxatyn-zoldady/