jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Орталық Азия елдерінің президенттері Ақордаға келді (фото)

    Ел президенттері. Фото
    Президенттер. Фото: telegram.org/aqorda_resmi

    Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары VІ Консультативтік кездесуге қатысу үшін Ақордаға келді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

    Мәртебелі қонақтарды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

    Еске салсақ, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев елордаға келді. Оны "Ақорда" резиденциясында Тоқаев салтанатты түрде қарсы алды. Екі ел президенті шағын құрамда келіссөз жүргізді.

    Сонымен бірге Қазақстанға Әзербайжан президенті Ильхан Әлиев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келген болатын.

    Сондай-ақ бүгін елордаға Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов келді.

    Жалпы, президенттер Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне қатысады.

    Ал Жапония премьер-министрі Фумио Кишида елдің оңтүстік-батысында болған күшті жер сілкінісіне байланысты Астанаға жоспарланған сапарын тоқтатты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.