jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкекке ұшып келді (фото)

    Қасым-Жомарт Тоқаев, Ақылбек Жапаров
    Қасым-Жомарт Тоқаев, Ақылбек Жапаров. Фото: akorda.kz

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына келді. Бұл жөнінде Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Мемлекет басшысын Манас әуежайынан Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды", - делінген Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратта.

    Айта кетейік, 2023 жылғы 3 қарашада Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммиті Астанада өткен еді.

    Саммитке Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Мажарстан (Венгрия) премьер-министрі Виктор Орбан, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Түркіменстанның экс-президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қатысты.

    Сондай-ақ бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде Палестина халқына 1 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

    Саммит аясында "Астана Актісіне", "Түркі мемлекеттері ұйымы 10-шы саммитінің декларациясна" және т.б. маңызды құжаттарға қол қойылды.

    Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкекке ұшып келді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.