Сыртқы істер министрлігі Ирандағы Қазақстан азаматтары туралы ақпарат берді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Сыртқы істер министрлігі қазіргі уақытта Иранда жүрген Қазақстан азаматтарына қатысты ақпарат берді. Министрлік мәліметінше, қазақстандықтар арасында қаза тапқандар жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қолда бар деректерге сәйкес, Иранда Қазақстан Республикасының 96 азаматы бар. Олардың 18-і дипломатиялық өкілеттіктердің қызметкерлері, екеуі студент, ал 70-і "Заркух" зауытында жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының алты азаматы Иранда өз шаруаларымен жүр.
"Министрлік пен Қазақстанның шет елдегі мекемелері азаматтарымызбен тұрақты байланыста. Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары арасында қаза тапқандар туралы хабарламалар келіп түскен жоқ", - делінген ведомство хабарламасында.
Еске салсақ, 27 ақпанда Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Иран төңірегінде шиеленістің сақталуына байланысты Қазақстан азаматтарына жағдай тұрақталғанға дейін Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынған болатын.
Ал 28 ақпанда Израиль қорғаныс министрлігі ЦАХАЛ Иранға алдын ала соққы жасағанын хабарлады.
Артынша Трамп АҚШ Иранға қарсы ауқымды әскери операцияны бастағанын мәлімдеді.
Көп ұзамай Иран өзіне жасалған шабуылға жауап ретінде Израильге қарай ондаған зымыран бағыттады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2348655-syrtqy-ister-ministrligi-irandagy-qazaqstan-azamattary-turaly-aqparat-berdi/