jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Грузия президенті Михаил Кавелашвили Астанаға келді (фото)

    Михаил Кавелашвили
    Михаил Кавелашвили. Фото: ҚР үкіметінің баспасөз қызметі

    2024 жылы Грузия президенті болып сайланған Михаил Кавелашвили Астанаға келді. Ол бүгін басталатын халықаралық экологиялық саммитке қатысады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Астанаға Грузия президенті Михаил Кавелашвили келді. Ол 22-24 сәуір аралығында елордада өтетін RES 2026 халықаралық экологиялық форумының жұмысына қатысады", - делінген хабарламада.

    Михаил Кавелашвили
    Михаил Кавелашвили. Фото: ҚР үкіметінің баспасөз қызметі

    Естеріңізге сала кетейік, 22-24 сәуірде Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтеді.

    Ақорданың мәліметінше, БҰҰ аясында құрылған жаңа диалог алаңының мақсаты – Орталық Азияның орнықты дамуына ортақ көзқарас қалыптастыру, климаттық және экологиялық сын-қатерлерді еңсерудің бірлескен шешімін іздеу.

    Саммтике қатысу үшін кеше елордаға Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Армения президенті Ваагн Хачатурян келді.

    Грузия президенті Михаил Кавелашвили Астанаға келді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.