jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Танымал репердің ұсталуы: Сыртқы істер министрлігі Ресейдің өтінішінен кейін мәлімдеме жасады

    Сыртқы істер министрлігінің ғимараты
    Сыртқы істер министрлігінің ғимараты. Фото: ҚР СІМ

    Қазақстандық СІМ рэпер Navai ұсталғаннан кейін Ресейдің нотасына жауап берді. Ведомство құқық қорғау органдарынан ұсталғандар туралы мәлімет сұратуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Сыртқы істер министрлігіне Ресейден ұсталған РФ азаматтары және олардың қай жерде екені туралы мәлімет беруді сұраған нота келіп түсті.

    "СІМ-ге Ресей тарабынан Ресей Федерациясының ұсталған азаматтары және олардың қай жерде екені туралы ақпарат беруді сұраған нота келіп түсті, бұл консулдық жұмыстағы стандартты тәжірибе. СІМ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына тиісті сауал жолдайды", - делінген ведомство хабарламасында.

    Бұған дейін Ресейдің бас консулдығы Navai деген лақап атпен өнер көрсететін ресейлік рэпер Наваи Бакировтің ұсталуына байланысты Қазақстан СІМ-нің Алматыдағы өкілдігіне жүгінген болатын.

    "Біз Қазақстан Республикасы СІМ-нің Алматыдағы өкілдігіне Ресей азаматына қатысты жағдай бойынша ресми түсініктеме беруді сұрап нота жолдадық. Бас консулдық жағдайды бақылауда ұстап отыр", - деп мәлімдеді ресейлік дипломатиялық өкілдік.

    Navai-дің Қазақстанда ұсталуы

    Еске сала кетейік, жақында Navai-дің 14 қазанға жоспарланған Астанадағы концерті болмайтыны туралы ақпарат жарияланды.

    Сол күні Жамбыл облыстық полиция департаменті репердің есірткі контрабандасы күдігімен ұсталғанын және қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Қырғызстанда осыған байланысты тергеу басталды. Шекарашылар музыканттың есірткімен шекарадан қалай өткенін тексеріп жатыр, ал кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

    15 қазанда БАҚ-та рэпер сот шешімімен екі айға қамауға алынғаны туралы хабарлама пайда болды. Мұны Жамбыл облыстық полиция департаменті растады.

    Танымал репердің ұсталуы: Сыртқы істер министрлігі Ресейдің өтінішінен кейін мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram