Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оянғанда хабар берем": "Кешью"-ден кеткен Сара Амангелді ота жасатпақшы

Опубликовано:

Атышулы "Кешью" құрамында өнер көрсеткен Сара Амангелді ота жасатуға кіріп бара жатқанын айтты. Бұл хабарымен әнші өзінің Instagram парақшасында оқырмандарымен бөліскен деп жазады NUR.KZ.

Танымал топтан кетіп, жеке әншілікке бет бұрған Сара Амангелдінің денсаулығы сыр берген. Соған орай әнші қыз дәрігерлер көмегіне жүгініп, ота жасатуға мәжбүр болыпты.

"Кешьюдің" бұрынғы мүшесі бұл хабарымен өзінің оқырмандарымен бөлісіп, жасатқалы жатқан отаның пластикалық емес екенін кесіп айтты.

"Уайымдап тұрмын. Отаға кіргелі жатырмын, пластикалық емес. Бұйыртса бәрі де жақсы болады. Мені аясын деп тұрғаным жоқ. Бірақ, сіздерге айтпасқа да болмайтын сияқты. Туған күніме бар-жоғы он күн қалды. Осымен екі жыл қатарынан туған күн алдында менімен бірдеңе болады да тұрады. Ештеңе етпес, мен өзі ерекшемін ғой сондай. Бәрін жақсы көремін, оянған соң хабарын берермін" , - деп жазды Сара.

Желі қолданушылары отандық жұлдыздың бұл жазбасына қатты алаңдап, оған қолдау көрсетіп жатыр.

Еске сала кетейік, Сара Амангелдінің әндерін біздің "Музыка Нур"қосымшасынан тыңдай аласыздар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1772405-oanganda-habar-berem-kesu-den-ketken-sara-amangeldi-ota-zasatpaksy/

pixel