17 жастағы Шұғыла Жақсыбекова "Шымкент аруы" атанды (фото, видео)
Жарияланған күні:
"Шымкент аруы" атағын кім иеленгені белгілі болды. Шырайлы шаһардың хас сұлуы болып Шұғыла Жақсыбекова таңдалды. Бойжеткен "Қазақстан аруы-2021" байқауында өз өңірінің намысын қорғайтын болады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Шұғыла Жақсыбекованың "Шымкент аруы" атанғаны туралы "Қазақстан аруы" байқауының ресми парақшасында хабарланды.
Бойжеткен отандық танымал модельдік агенттіктің құрамына кірген. Сонда білім алғаннан кейін ол түрлі сән және шығармашылық жобаларға қатыса бастапты. Шымкенттік ару Face of Central Asia байқауының жеңімпазы атанған.
Myshymkent.city парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Шұғыла медициналық колледжің студенті. Ол небәрі 17 жаста.
Жақсыбекова сән әлене қатты қызығады. Ол болашақта да осы бағыт бойынша дамығысы келетінін айтты.
Бүгінде Шұғыла өз қаласындағы сән салонында қызмет етеді.
Айта кетерлігі, биыл "Қазақстан аруы" ұлттық байқауының өңірлік турлары онлайн-форматта өтуде. Еліміздің әр өңіріндегі үміткер аруларды ұлттық қазылар алқасы таңдайды. Олар өтінімдерді қарап, әр қатысушы қызбен онлайн түрде тілдеседі.
Қазылар алқасы құрамына биыл актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мадина Сәдуақасова, "Қазақстан аруы-2013" Айдай Исаева мен KFW негізін қалаушы дизайнер, стилист AlexChzhen кірді.
Еске сала кетейік, бұған дейін "Түркістан аруы-2021" байқауында кім жеңіске жеткені белгілі болды. 18 жастағы Сұлтанбибі Шахапова "Қазақстан аруы" байқауында өз өңірінің намысын қорғайтын болады.
Сонымен қатар, қазылар алқасы "Атырау аруын" да анықтады. Өңірлік байқауда Әйгерім Сүйінова есімді бойжеткен жеңіске жеткен.
Ал "Қостанай аруы" болып 21 жастағы Малика Каримова танылса, Азиза Тоқашова "Алматы аруы" атанды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1938912-sugyla-zaqsybekova-symkent-aruy-atandy-foto-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.