Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ажыраспаңдар": Некесі сәтсіз аяқталған Динара Қырықбаева оқырмандарына кеңес берді

Опубликовано:

Динара Қырықбаева
Фото: Instagram/kyrykbayeva

Отандық танымал әнші Динара Қырықбаева желіде оқырмандарын қызықтырған сауалдарға жауап берді. Өнер иесі алдағы уақытта тағы да балалы болғысы келетінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Қырықбаева Instagram парақшасында сұрақ-жауап ашып, отбасылық өмірі жайлы жан сырын ақтарды. Эстрада жұлдызы оқырмандарын ажыраспауға шақырды. Алайда, егер некеде бақытсыз болсаңыз, өзіңіз үшін дұрыс шешім қабылдаңыз деді ол.

"Мен екі жарым жыл бұрын ажырасып кеттім. Үш балам бар. Менен елдер кеңес сұрағанда былай деп жауап беремін: "Ажыраспаңдар! Бірақ, ол жерде өзіңізді бақытсыз сезінсеңіз, онда өзіңіз үшін дұрыс шешім қабылдаңыз". Менің шешімім де сондай болды", - деді әнші.
Динара Қырықбаеваның Stories-і
Скриншот: Instagram/kyrykbayeva

Сонымен қатар, өнер иесі болашақта тағы да балалы болуға қатысты жауап берді. Ол тағы бір сәби сүйгісі келетінін жасырмады.

"Тағы бір ұл баланы қалар едім. Бисонға іні туып берер едім", - деді Қырықбаева.

Динара Қырықбаеваның Stories-і
Скриншот: Instagram/kyrykbayeva

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1952661-azyraspandar-nekesi-satsiz-ayaqtalgan-dinara-qyryqbaeva-oqyrmandaryna-kenes-berdi/

pixel