Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Аружан Жазылбекова екінші рет тұрмысқа шықпақ (фото)

Опубликовано:

Аружан Жазылбекова сүйіктісімен
Фото: Instagram/aldabergenov11

Отандық танымал актриса Аружан Жазылбекова екінші рет тұрмысқа шықпақ. Өнер иесіне сүйіктісі Ержан Алдабергенов ұсыныс жасап, оның "иә" деген жауабын алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл қуанышты жаңалықты күйеу жігіттің өзі Instagram желісінде бөлісті. Ол Аружан Жазылбековаға қалай ұсыныс жасағанын көрсетіп, оның ерекше суреттерін жариялады.

Фотода актрисаның Көлсайдың ортасында сақинасын паш етіп тұрғанын көруге болады.

"Бұл кеше болған оқиға, ал бүгін мен күйеу жігітпін", - деп жазды Алдабергенов.

Желі қолданушылары қос ғашықты жарыса құттықтап, оларға ақ тілектерін жаудырды.

Айта кетейік, Ержан Алдабергенов "Барыс" хоккей клубының бұрынғы бас менеджері, сондай-ақ, "Замандас" подкастінің жүргізушісі.

Бұл Аружан Жазылбекова үшін екінші неке болмақ. Бұған дейін өнер иесі Ахат Ибраев есімді кинорежиссерге тұрмысқа шыққан болатын. Алайда, кейін ерлі-зайыптының дәм-тұзы жараспай, олар ажырасып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1958364-aktrisa-aruzan-zazylbekova-ekinsi-ret-turmysqa-syqpaq-foto/

pixel