Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кепілдікке 10 млн теңге": Төреғали Төреәлі абақтыға түскені жайлы алғаш рет ашып айтты

Опубликовано:

Төреғали Төреәлі
Төреғали Төреәлі. Кадр: "Жүректің әні" бейнебаянынан скриншот

Былтыр белгілі әнші Төреғали Төреәлі Көлсайда гид жігітті соққыға жығып, абақтыға түскен болатын. Алайда іс сотқа дейін жетпей әнші жәбірленушімен татуласып, қамаудан кепілдікке 10 млн теңге төлеп, босап шыққан еді. "Ревю" бағдарламасында өнер иесі осы оқиғаға қатысты алғаш рет сұхбат берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жасаған нәрсенің айыбын алып, заңға бағынамыз. Сонымен Көлсайда бейнебаян түсірдік, бәрі бітті. Кегенде тергеу изоляторында жатырмын. Ондай жерге бұры-соңды барып көрмегенмін. Ол жерге баруды ешкімге бұйыртпасын. Оның үстіне Кеген деген дала.

Бәрі біткесін Толқынға хабарласып, "Кегенде жатырмын. Сен жоқсың, бір өзім. Киіз үйде емес, абақтыда жатырмын" дедім. Сөйтсем, Толқын "Қайын жұртқа барып концерт қоймай жүр едіңіз. Құдай сізге сол концерттің көкесін қойдырып берді" деді ғой", - дейді сол күнді еске алған Төреғали Төреәлі.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Төреғали Төреәлі "Көлсай көлдері" табиғи паркінде жас жігітті соққыға жығып, кейін бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, әнші полицияға жеткізілген еді.

Бірнеше күннен соң Төреғалидің кепілге 10 млн теңге беріп, бостандыққа шыққаны белгілі болды.

Сонымен қатар өнер иесі гид жігітпен татуласқанын айтып, желіде сурет жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2015821-kepildikke-10-mln-tenge-toregali-toreali-abaqtyga-tuskeni-zaily-algas-ret-asyp-aitty/

pixel