Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәния Джуринская жер сілкінісінен кейін көпқабатты үйдегі пәтерінен көшкенін айтты (фото)

Опубликовано:

Жәния Джуринская
Жәния Джуринская. Фото: Instagram/djurinskaya

Актриса Жәния Джуринская екінші сәбиіне аяғы ауыр. Айы-күні жақындаған өнер иесі Алматыдағы жер сілкінісінен кейін көпқабатты пәтерінен көшкенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Джуринскаяның айтуынша, ол отбасымен көпқабатты үйдің 11-ші қабатында тұрған.

"Иә, біз көшіп кеттік. Бір себебі, жер сілкінісі. Біз 11-ші қабатта тұрдық. Соңғы рет қатты қорқып қалдым. Сондықтан заттарды жинадық та, көшіп кеттік.

Алайда бұл жерде уақытша тұрамыз. Биыл бізді тағы бір қоныс аудару күтіп тұр", – деп жазды Жәния Джуринская Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, Алматыда болған жер сілкінісінен кейін басқа пәтерге немесе қалаға көшкен тек Жәния Джуринская емес.

Осыған дейін Алматыдағы жер сілкінісінен кейін Ерке Есмахан вилла сатып алғанын айтқан болатын. Ал әнші Мадина Сәдуақасова Қызылорда қаласынан үй алды.

Сонымен қатар Нұрболат Қанай да уақытша басқа қалаға қоныс аударуға шешім қабылдағанын айтты.

Жәния Джуринская
Жәния Джуринская. Скриншот: instagram.com/djurinskaya

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2071185-zaniya-dzurinskaya-zer-silkinisinen-keiin-kopqabatty-uidegi-paterinen-koskenin-aitty-foto/

pixel