Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кешірдім": жәбірленуші Қайрат Нұртасқа шағымы жоқ екенін айтты

Жарияланған күні:

Қайрат Нұртас
Қайрат Нұртас. Фото: instagram/kair_n

Бүгін Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қайрат Нұртастың ісі қаралып жатыр. Сот отырысы барысында жәбірленуші әншіге шағымы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртастың ісіне қатысты сот отырысында жәбірленуші Асылбек Бекқайыров әншіге шағымы жоқ екенін айтып, әкімшілік істі қысқартуды сұрады.

"Айдарбековпен арыз-шағым жоқ. Әкімшілік істі қысқартуды сұраймын", - деді ол.

Қайрат Нұртас сот алдында сөз сөйлеп, өзін айыппұлмен жазалауын сұрады.

"Қатты қателессем, кінәмді мойындаймын. Мені айыппұлмен жазаласаңыздар дұрыс болар еді. Сұранарым осы. Себебі алда талай концертім, талай тойым бар", - деді әнші.

Өнер иесінің адвокаты әкімшілік істі қысқартуды сұрады.

Прокурор 434-бап Ұсақ бұзақылық бабы бойынша жаза тағайындауды, ал жеңіл жарақат салу бойынша істі судьяның қарауына қалдыруды сұрады.

Судья кеңесу бөлмесіне кетті.

Айта кетейік, бүгін, 5 шілдеде әнші Қайрат Нұртастың ісі бойынша сот отырысы өтті. Әнші бұзақылық жасап, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірді деп айыпталуда. Істі Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.

Сот отырысы барысында Қайрат Нұртас ұшақ бортындағы төбелес неден басталғанын айтып берді.

Сот отырысы кезінде Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова да сөз сөйледі.

Прокурор Қайрат Нұртасты 15 тәулікке қамауға алуды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2129589-keshirdim-zhabirlenushi-qairat-nurtasqa-shagymy-zhoq-ekenin-aitty/