Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Менің асымды ішіп, үйімде жылдап жүрдің": Қайрат Нұртастың анасы сотта сөйледі

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова
Гүлзира Айдарбекова. Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Бүгін Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қайрат Нұртастың ісі қаралып жатыр. Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова сотта сөйледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сонымен қатар сотта Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова да сөз сөйледі.

"Екеуің де кінәлісіңдер, сол үшін халық алдында масқараламай, артық сөздің керегі жоқ, лучше бір-біріңді кешіргендерің дұрыс. Осы үйімде менің асымды ішіп, жылдап жүрдің. Анаң ретінде айтайын. Бір-біріңнен кінә іздемей-ақ қойыңдар", - деді продюсер.

Айта кетейік, бүгін, 5 шілдеде әнші Қайрат Нұртастың ісі бойынша сот отырысы өтті. Әнші бұзақылық жасап, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірді деп айыпталуда. Істі Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.

Сот отырысы барысында Қайрат Нұртас ұшақ бортындағы төбелес неден басталғанын айтып берді.

Сонымен қатар жәбірленуші Асылбек Бекқайыров әншіге шағымы жоқ екенін айтып, әкімшілік істі қысқартуды сұрады.

Сот отырысы кезінде Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова да сөз сөйледі.

Прокурор Қайрат Нұртасты 15 тәулікке қамауға алуды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2129607-mening-asymdy-iship-uiimde-zhyldap-zhurding-qairat-nurstastyng-anasy-sotta-soiledi/