Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртасқа қатысты қылмыстық іс не себепті тоқтатылған: полиция жауап берді

Жарияланған күні:

әнші
Қайрат Нұртас. Фото: kair_n/Instagram

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі ұшақтағы жағдайдан кейін Қайрат Нұртасқа қатысты қылмыстық іс неге тоқтатылғанын түсіндірді. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство өкілдері бастапқыда әншіге қатысты "әуе кемесінің бортында жасалған бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын нақтылады.

"Тергеу нәтижелері бойынша қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды", - деп түсіндірді көліктегі ПД өкілдері.

Оның орнына Қайрат Нұртастың үстінен ұсақ бұзақылық және ұшақ бортында денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактілері бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жіберілген.

Айта кетейік, бүгін, 5 шілдеде әнші Қайрат Нұртастың ісі бойынша сот отырысы өтті. Әнші бұзақылық жасап, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірді деп айыпталған. Істі Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.

Сот отырысы барысында Қайрат Нұртас ұшақ бортындағы төбелес неден басталғанын айтып берді.

Сонымен қатар жәбірленуші Асылбек Бекқайыров әншіге шағымы жоқ екенін айтып, әкімшілік істі қысқартуды сұрады.

Сот отырысы кезінде Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова да сөз сөйледі.

Прокурор Қайрат Нұртасты 15 тәулікке қамауға алуды сұрады.

Көп ұзамай Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әнші Қайрат Нұртастың ісіне қатысты сот шешімін шығарды. Өнер иесіне 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2129733-qairat-nurtasqa-qatysty-qylmystyq-is-ne-sebepti-toqtatylgan-politsiia-zhauap-berdi/