jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Шетелде емделіп жатқан Жүрсін Ерман аурухана палатасынан видео жариялады (видео)

    Жүрсін Ерман
    Жүрсін Ерман. Фото: instagram.com/zhursin_yerman

    2022 жылдың қазанында айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскені жайлы ақпарат әлеуметтік желіге тарады. Кейін Еуропаға емделуге барған ақын Женева қаласынан суретін жариялаған еді. Ал бүгін Жүрсін Ерман әлеуметтік желіге аурухана палатасынан видео жүктеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Видеодан ақынның айтыс көріп отырғанын байқауға болады.

    Сонымен қатар айтыс ұйымдастырушысы өзін ультрадыбыстық зерттеуге алып бара жатқан сәтті де Instagram желісінде көпшілікке көрсетті.

    Ал ақынның оқырмандары Жүрсін Ерманның тез сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

    "Айтысты білетін ел амандығыңызды тілейді", "Елге сауығып оралыңыз", "Тезірек сауығып кетуіңізді тілеймін. Алла жар болсын", - деп жазды желі қолданушылары.

    Естеріңізге сала кетейік, бірер ай бұрын айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскені жайлы ақпарат тараған болатын. Кейінірек Жүрсін Ерманның қызы әкесінің жағдайы туралы баяндаған болатын.

    Ардақ Жүрсінқызының айтуынша, ақынның денсаулығы жансақтау бөліміне түспес бұрын сыр берген. Себебі осыдан төрт-бес ай бұрын Жүрсін Ерман оң аяғының тізесіндегі көк тамырға протез салдырған. Алайда протезді ағзасы қабылдамай, оның айналасы іріңдей бастаған. Артынша сол ірің қанға түсіп, ақынның дене қызуы көтерілгеннен талмасы ұстаған. Ол есінен танғаннан кейін бір күн ішінде тыныс алу аппаратына таңылады.

    Арада біраз уақыт өткенде айтыскер Марат Ахметов ұстазы Жүрсін Ерманның үйіне сауығып шыққанын айтып, жақсы жаңалықты желіде көпшілікпен бөлісті. Сонымен қатар ақын өзінің Еуропаға емделуге кететіні жайлы ақпаратты да растаған болатын.

    Шетелде емделіп жатқан Жүрсін Ерман аурухана палатасынан видео жариялады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.