jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Денсаулығы жақсарған": шетелде ем алып келген Жүрсін Ерманның суреті желіде тарады (фото)

    Жүрсін Ерман
    Жүрсін Ерман. Фото: instagram.com/kazyret_berdikhan

    2022 жылдың қазанында айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскен болатын. Кейін Еуропаның Женева қаласында ем алып келген ақынның суреті желіге тарады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айтыскердің суретін Қазырет Бердіхан есімді Instagram қолданушысы жариялады.

    "Өзбекстаннан Талғат Орынбек деген тамаша талант, айтыскер бауырымыз Жүрсін Ерман көкемізге амандаса келіпті. Көкеміздің денсаулығы жақсарған. Далаға шығып, таза ауа жұтып жүрміз", - деп жазды Қазырет Бердіхан.

    Желі қолданушылары айтыскердің сауығып кетуін тілеп, желіде жылы лебізін білдірді.

    "Сауығып кетсін", "Алла шипасын берсін", "Құдай қуат берсін", - деп жазды желідегілер.

    Естеріңізге сала кетейік, бірер ай бұрын айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскені жайлы ақпарат тараған болатын. Кейінірек Жүрсін Ерманның қызы әкесінің жағдайы туралы баяндаған болатын.

    Ардақ Жүрсінқызының айтуынша, ақынның денсаулығы жансақтау бөліміне түспес бұрын сыр берген. Себебі осыдан төрт-бес ай бұрын Жүрсін Ерман оң аяғының тізесіндегі көк тамырға протез салдырған. Алайда протезді ағзасы қабылдамай, оның айналасы іріңдей бастаған. Артынша сол ірің қанға түсіп, ақынның дене қызуы көтерілгеннен талмасы ұстаған. Ол есінен танғаннан кейін бір күн ішінде тыныс алу аппаратына таңылады.

    Арада біраз уақыт өткенде айтыскер Марат Ахметов ұстазы Жүрсін Ерманның үйіне сауығып шыққанын айтып, жақсы жаңалықты желіде көпшілікке бөлісті. Сонымен қатар ақын өзінің Еуропаға емделуге кететіні жайлы ақпаратты да растаған болатын.

    Кейінірек Жүрсін Ерман Женева қаласынан оқырмандарына сурет жолдады.

    "Денсаулығы жақсарған": шетелде ем алып келген Жүрсін Ерманның суреті желіде тарады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.