jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    "Иманы саламат болсын": Тоқаев Әлімғазы Райымбековтің туыстарына көңіл айтты

    Фото
    Фото: Ақорда

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет қайраткері, Алматы облысының құрметті азаматы, белгілі кино актері Әлімғазы Райымбековтің өмірде өтуіне байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

    "Әлімғазы Смағұлұлы қазақ киносының таңдаулы туындыларының бірі – "Тақиялы періште" кинофильміндегі Тайлақтың рөлін үлкен шеберлікпен сомдаған. Одан кейін де бірнеше кинокартинаға түсіп, көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", – делінген жеделхатта.

    Естеріңізге сала кетсек, бүгін "Тақиялы періште" фильмінің бас кейіпкері, аты аңызға айналған актер, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы Әлімғазы Райымбеков өмірден озды.

    Осыған дейін Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев актердің жақындарына көңіл айтты.

    "Иманы саламат болсын": Тоқаев Әлімғазы Райымбековтің туыстарына көңіл айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.