jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Айгүл Иманбаева блефаропластика жасатқанын растады (фото)

    Айгүл Иманбаева
    Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

    Отандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева көзіне блефаропластика жасатты. Ақпаратты өнер иесінің өзі әлеуметтік желіде растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айгүл Иманбаева бұл туралы Instagram парақшасында айтты. Эстрада жұлдызы бет-әлпетіне өзгеріс енгізгенін растап, процедураға дейінгі және кейінгі суреттерін бөлісті.

    Белгілі болғандай, өнер иесі пластиканың отасыз, лазерлі түріне жүгінген.

    Айгүл Иманбаеваның Stories-i
    Скриншот: Instagram/aigul_imanbayeva

    Соңғы кезде қыз-келіншектер, танымал жұлдыздар қабақтағы артық майлардан құтылып, көзді үлкейту үшін пластиканың осы түріне жиі жүгінуде.

    Айта кетейік, бұған дейін әнші Зарина Омарова да көзіне ота жасатқанын айтқан болатын. Алайда, желідегілерге әртістің өзгерісі ұнамай, оны сынға алған еді.

    Бет-әлпетін өзгерткісі келетіндер арасында Жарқынай Ханайым да бар. Ол мұрнын өзгерту үшін ота жасатпақ.

    Айгүл Иманбаева блефаропластика жасатқанын растады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.