jitsu gif
Шоубиз

    Ләйлә Сұлтанқызы: Бір күні терлеп, бір күні қуанып, бір күні жылап оянамын

    Ләйлә Сұлтанқызы
    Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: instagram.com/sultankyzy/

    Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы биылғы жылдың қарашасында жолдасынан айырылды. Қайрат Беркімбаевтың қырқын өткізген тележүргізуші осыған дейін толыққанды сұхбат беріп, жұбайы жайлы мәлімдеді. Ал кеше Ләйлә Сұлтанқызы соңғы уақыттары шым-шытырық түс көріп, кейде тіпті түсінен жылап оянатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Соңғы кездері жиі түс көріп жүрмін. Бір күні терлеп, бір күні қуанып, бір күні жылап оянамын. Бүгін де шым-шытырық түс көрдім.

    Жаңбыр құйып тұр. Қайрекем әдемі киініп алып, күлімлеген жүзімен маған қарап тұр екен. Ырымшыл халықпыз ғой, түсімді жақсылыққа жорыдым", - деді Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында.

    Ләйлә Сұлтанқызы instagram парақшасынан алынған скриншот
    Скриншот: instagram.com/sultankyzy

    Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың қарашасында Ләйлә Сұлтанқызының жұбайы Қайрат Беркімбаев өмірден өткен болатын.

    Сондай-ақ жұбайының қырқын берген тележүргізуші күйеуі жайлы естеліктерімен бөлісіп, неліктен тойы болмағанын айтты.

    Ләйлә Сұлтанқызы жас күнінде біреудің үшінші жары болуды армандамағанын, мұның пешенесіне жазылғанын жеткізді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.