jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Өзіңді құртып жүр екенсің": Балжан Бидаштың жаңа образы көпшілікті таңғалдырды (видео)

    Балжан Бидаш
    Балжан Бидаш. Фото: instagram.com/bidash_official

    Әнші Балжан Бидаш жақында актер Жахан Отарғалиевпен екі жаққа кеткенін растады. Қайтадан өнерін қолға алған әншінің Instagram парақшасына салған жаңа форматтағы видеосы қызу талқыға түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Бұрын-соңды жасап көрмеген жаңа макияж", - деп жазды әнші видео астына.

    Видеодан әнші алдымен бояусыз түрімен көрінсе, кейінірек жаңа макияжбен шығады.

    Желі қолданушылары соңғы уақытта Балжан Бидаштың әдемілене түскенін айтып, видеоны қызу талқыға салды.

    "Бидаш қайта оралды", "Бидашқа үйде ыңғайлы әйел боп отырғаннан гөрі, жұлдыз болып, жарқырап жүрген жарасады", "Тордан шыққан тотықұс", "Балжанның қандай қыз екенін, қандай жар бола алатынын қазір халық жақсы біледі. Өзі сұлу қыз, талғамы мықты. Мықты бір жігіт жұлып алып кетеді енді", "Әдемі болып кеттің", "Тұрмыс құрып, өзіңді құртып жүр екенсің", "Бағың жансын", - деп жазды желідегілер.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевпен ажырасқанын ресми түрде растады.

    Ал жақында Жахан Отарғалиев жұбайы Балжан Бидашпен ажырасуына не себеп болғанын ашып айтты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.