jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Жұлдыз Әбдікәрімова жақында үйленген қайын інісіне ақ тілегін арнады (фото)

    Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова
    Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

    Тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімованың кіші қайын інісі Заңғар Нұртас жақында шаңырақ көтерді. Тойда көзге түспеген Қайрат Нұртастың жұбайы Instagram парақшасы арқылы қайнысына ақ тілегін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Қайрат Нұртастың інісі Заңғар шаңырақ көтерді. Гүлзира Айдарбекова кенже ұлының тойын дүркіретіп атап өтті.

    Тойда жас келіннің бетін айтыскер Жандарбек Бұлғақов ашты.

    Гүлзира Айдарбекова кенже ұлы Заңғар мен келіні Индираның тойына өнердегі әріптестерінен Ерке Есмахан мен Раимды, Лұқпан Жолдасовты, Нұрболат Абдуллин мен Төреғали Төреәліні және тағы басқа жұлдыздарды шақырған.

    Сонымен қатар тойда бес қабатты зәулім торт кесілді. Маманның айтуынша, тортты бір ай бойы дайындаған.

    "Заңғар, Алла некелеріңді қайырлы қылсын! Жұптарың жазылмасын", - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

    Жұлдыз Әбдікәрімова сторис
    Жұлдыз Әбдікәрімова сторис. Скриншот: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.