jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Біз де жылатамыз": Жахан Отарғалиев арадағы үзілістен кейін кино түсіруге қайта кірісетінін айтты

    Жахан Отарғалиев
    Жахан Отарғалиев. Видеодан кадр: Қызық TIMES бағдарламасы

    Актер Жахан Отарғалиев кино әлемінде біраз уақыт үзіліс алған. Өнер иесі REVUE NEWS бағдарламасында фильм түсіруге қайта кірісетінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Менде белгілі жағдай болып қалды. Сол себепті көп көрсетілімнен қалып қойдым. Қазір үш сценарий жазылып тұр. Кішкене ауырып қалдым. Сол себепті жұмыс істей алмадым.

    Алдағы аптадан бастап, жұмысқа кірісеміз. Бір кино мен бір сериалымыз бар. Алла бұйыртса, біз де жылатамыз деп отырмыз. Өз фильміме өзім де түсемін", – деді Жахан Отарғалиев.

    Еске сала кетейік, былтыр қыркүйек айында Балжан Бидаш пен Жахан Отарғалиев ажырасып кеткенін мәлім етті.

    "Сіздер шындықты білуге лайықтысыздар. Осы уақытқа дейін біз үшін алдаңдап жатқандарыңызға рахмет. Сондықтан "рас па, өтірік па" деген ақпаратты "Біз екі жаққа кеттік" деп растаймыз. Өмір болған соң біз күтпеген жағдайлар болады екен. Әркім өзінше бақытты болатынына сенемін", - деп жазған болатын Балжан Бидаш.

    Ал Жахан Отарғалиев Балжанды қатты жақсы көргенін және ажырасқаннан кейін күйзеліске түскенін айтты.

    Сонымен қатар әнші бұрынғы күйеуі екеуінің бір-бірін әлеуметтік желіде бұғаттап тастағанын да жасырмады.

    "Оның әлеуметтік желідегі жазбасын неге маған жіберіп жатырсыздар? Біз бір-бірімізді әлеуметтік желіде бұғаттадық. Бізге солай жеңіл әрі жақсы. Өтініш, оның айтқанын, жазғанын, әлеуметтік желіге салғанын маған жібермеңіздер", - деп жазған болатын Балжан Бидаш.

    "Біз де жылатамыз": Жахан Отарғалиев арадағы үзілістен кейін кино түсіруге қайта кірісетінін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.