jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Төреғали Төреәлінің кіші қарындасы сүйінші жаңалығын бөлісті (фото)

    Дина Төреәлі
    Дина Төреәлі. Фото: Instagram/tattti_kyz

    Төреғали Төреәлінің кенже қарындасы отбасылық қуанышын бөлісті. Дина Төреәлі Алматы қаласынан үй алғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Өткенде Алматыға барып келгеніміз естеріңізде ме? Сол кезде бір жұмыс бойынша барған едік.

    Алматыдан үйлі болдық. Шаңырағымыз берекелі болсын", - деп жазды Дина Төреәлі Instagram-дағы парақшасында.

    Дина Төреәлі
    Дина Төреәлі. Скриншот: instagram.com/tattti_kyz

    Айта кетейік, былтыр қазанда Төреғалидің кіші қарындасы ана атанған болатын. Дина Төреәлі өмірге ұл бала әкелді.

    Еске сала кетейік, Дина Төреәлі 2022 жылы қараша айында ұзатылды. Оның ұзату тойында еліміздегі ең беделді әншілер сыңсу әнін орындаған болатын.

    Ал ұзату тойынан бірнеше күн бұрын Дина Төреәлі күйеу жігітімен мұсылманша неке қидырған болатын.

    Артынша бойжеткен құда түсіп, сырға салынды. Әншінің отбасы бойжеткеннің құдалығын дүркіретіп өткізіп, болашақ құдаларға шетелден әкелінген киіт кигізді.

    Төреғали Төреәлінің кіші қарындасы сүйінші жаңалығын бөлісті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.