jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Актриса Жарқынай Ханайым көпшілікке сүйіктісін көрсетті (фото)

    Жарқынай Ханайым бейтаныс азаматпен
    Жарқынай Ханайым бейтаныс азаматпен. Фото: Instagram/jarkynaijarkinai

    Бірінші некесі сәтсіз аяқталған актриса Жарқынай Ханайым желіде бейтаныс жігітпен түскен суретін жариялап, елді қызықтырып қойды. Оқырмандар өнер иесі сүйіктісін жолықтырды деген болжамдар айтып жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жарқынай Ханайым жеке өміріндегі өзгерісі туралы Instagram-дағы парақшасы арқылы хабарлады. Әнші ару бейтаныс азаматпен түскен суретін жариялап, елдің қызу талқысын тудырған.

    Фотода ер адам актрисаға гүл шоғын сыйлап, маңдайынан сүйіп жатқанын көруге болады.

    Жарқынай Ханайымның Srories-i
    Жарқынай Ханайымның Srories-i. Скриншот: Instagram/jarkynaijarkinai

    Айта кетейік, Жарқынай Ханайым бұған дейін Аша Матайдың туған ағасы Айдар Асқарбекке тұрмысқа шыққан болатын. Алайда жұлдызды жұп 2021 жылы айырылысып кеткенін хабарлаған еді. Олардың ортақ Айлана есімді қызы бар.

    Актриса жолдасымен не үшін ажырасып кеткенін ашып айтты. Ол атышулы "Рауза" телехикаясындағы "сүйісу сахнасы" өз септігін тигізгенін растады.

    Актриса Жарқынай Ханайым көпшілікке сүйіктісін көрсетті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.