jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    70 миллиондық әшекей бұйымдар, 25 миллиондық сөмкелер: ҚМА өкілдері Перизат Қайраттың қымбат заттарын көрсетті (фото)

    Көліктері
    Перизет Қайраттың мүлкі. Видеодан кадр: t.me/afm_rk

    Бүгін Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдері Перизат Қайраттың элиталы жылжымайтын мүліктері, көліктері мен зергерлік бұйымдары тәркіленгенін хабарлады. Агенттік олардың фотоларын бөлісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ агенттікке сілтеме жасап хабарлайды.

    Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдері Akbulak Riviera, Highvill Ishim Gold, "Көк жайлау", Sensata Plaza тұрғын үй кешеніндегі және Vela Village коттедж қалашығындағы пәтерлер мен автотұрақтар бұғатталғанын хабарлады.

    Үйлері
    Перизет Қайраттың мүлкі. Видеодан кадр: http://t.me/afm_rk

    Mercedes-Benz S450, Mercedes-Benz EQE 500, Lexus LX-600, Haval автомобильдері де тәркіленді.

    Көліктері
    Перизет Қайраттың мүлкі. Видеодан кадр: t.me/afm_rk

    Көліктері
    Перизет Қайраттың мүлкі. Видеодан кадр: t.me/afm_rk

    Сонымен қатар Перизат Қайраттың тұрғылықты жерін тінту барысында қайырымдылыққа жиналған қаражатқа сатып алынған қымбат техника, Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada және т. б. сияқты танымал әлемдік брендтердің киім, аяқ киім, зергерлік бұйымдар, сөмкелері табылып, тәркіленген.

    Әшекейлері
    Перизет Қайраттың мүлкі. Видеодан кадр: t.me/afm_rk

    Әшекейлері
    Перизет Қайраттың мүлкі. Видеодан кадр: t.me/afm_rk

    Әшекейлері
    Перизет Қайраттың мүлкі. Видеодан кадр: t.me/afm_rk

    Естеріңізге сала кетейік, 14 қарашада қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат көктемгі су тасқыны кезінде халықтан жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталғаны мәлім болды. Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдерінің мәлімдеуінше, Перизат Қайрат қорға түскен ақшаның негізгі бөлігін жылжымайтын мүлік пен бағалы заттар сатып алуға жұмсаған.

    Кейін қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов Biz Birgemiz қорының басшысы Перизат Қайрат ісіне қатысты сауалдарға жауап берді.

    Сонымен қатар Перизат Қайрат пара үстел теннисі федерациясының басшысы қызметінен босатылғаны белгілі болды.

    AMANAT партиясының өкілдері де Перизат Қайраттың ұсталуына қатысты пікір білдіріп, партияның оның қызметіне ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

    Бүгін, 16 қарашада ҚМА өкілдері Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына жиналған қаржыдан 200 млн теңгеден аса қаражатты жымқырды деп тағы бір күдікке ілінгенін хабарлады.

    Кейін Астана соты бұлтартпау шарасымен Перизат Қайрат екі ай мерзімге қамауға алынғанын мәлім етті.

    70 миллиондық әшекей бұйымдар, 25 миллиондық сөмкелер: ҚМА өкілдері Перизат Қайраттың қымбат заттарын көрсетті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.