"Музыкасыз күн": Төреғали Төреәлі тағы да жазба қалдырып, оқырмандарын ойландырып қойды
Опубликовано:

Белгілі әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде тағы да екіұшты жазба жариялады. Бұған дейін ол "бәрін тоқтатқанын" жазып, оқырмандарын ойландырып қойған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ол желіге ақ-қара түсті суретін жүктеп, ерекше жазба қалдырды.
"Қарапайым нәрселерде — терең шындық бар. Күннің иісі. Бала күлкісі. Қара нан. Музыкасыз күн. Дауыссыз таң. Сондай кезде жүрек қайта тыныс алады", - деп жазды әнші.
Бұған дейін Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында бәрін тоқтатқаны туралы жазба жариялаған.
"Болды. Мен бәрін тоқтаттым. Сахна. Камер. Ән. Жарық. Келесі қадам – үнсіз", - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.
Айта кетсек, Төреғали Төреәлінің концерттері денсаулығына байланысты кейінге шегерілген еді. Бұл туралы оның әкесі Төреәлі Төлепов желі парақшасында айтты.
"Төреш баламыздың денсаулығына байланысты алдағы күндері жоспарлаған концерттерімізді кейінгі уақытқа шегіндірдік!
Адамның айтқаны емес, Алланың айтқаны болады деген. Алла шипасын беріп, тез сауығып, алдарыңызға жарқырап шығуын нәсіп етсін. Дұғада болыңыздар, жақсыларым! Бұлттың артыннан, күн шығары анық қой, ауырмаңыздар", - деп жазған еді ол.
Денсаулығы сыр беріп, ем алып жатқан Төреғали Төреәліге желі қолданушылары жылы лебізін жаудырды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2260971-muzykasyz-kun-toregali-toreali-tagy-da-zhazba-qaldyryp-oqyrmandaryn-oilandyryp-qoidy/