jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Қазақстанда "Камызяки" концерттері өтпейтін болды

    "Камызяки". Фото:
    "Камызяки". Фото: t.me/kamyzyakiofficial

    "Камызяки" КВН командасының Қазақстан бойынша гастрольдік сапары "қоғамның теріс пікіріне" байланысты тоқтатылды. Бұл туралы ұйымдастырушы Ольга Ли Instagram парақшасында хабарлады.

    "Ұйымдастырушылар "Камызяки" әртістерінің көпшілік алдында жасаған іс-әрекеттеріне жұртшылықтың резонанстық кері байланысын ескере отырып, олардың Қазақстан бойынша жеке концерттерін толығымен тоқтату туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

    Концерт ұйымдастырушысы билеттерді қайтару мәселесі бойынша қазақстандықтар билет сатып алған операторларға хабарласа алатынын айтты.

    "Камызяки" командасы әртістерінің концерттері қазан айының басында Алматы мен Астанада өтуі керек еді.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда "Камызяки" командасының жетекшісі Азамат Мұсағалиевтің қатысуымен өтетін концерттерге билеттерді сату тоқтатылғаны белгілі болған еді.

    Қазақстанда "Камызяки" концерттері өтпейтін болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.