jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Балжан Бидаш бұрынғы күйеуіне қайта қосылуға үгіттеген оқырманына жауап берді (фото)

    Балжан Бидаш пен Жаһан Отарғалиев
    Балжан Бидаш пен Жаһан Отарғалиев. Фото: instagram/bidash_official

    Әнші Балжан Бидаш пен актер Жахан Отарғалиев былтыр ажырасқандарын ресми түрде мәлім еткен болатын. Әнші желіде бұрынғы күйеуіне қайта қосылуды сұраған оқырмандарына жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Балжан Бидаш Instagram желісінде пікір қалдырған оқырмандарының сөзін назардан тыс қалдырмады.

    Желі қолданушысының бірі "Жаханға неге бір мүмкіндік бермедіңіз? Жаман адам емес еді ғой. Уайымдап кеттік. Бәрі уақытша нәрсе ғой. Өз отбасыңнан артық не бар? Өз үйіңе қазір қонақсың ғой. Сенің отбасың Жахан емес пе? Ән айтқаның, еркіндікте қыдырғаның бәрі уақытша нәрсе...", - деп жазды.

    Ал Балжан Бидаш оқырманының өзі үшін алаңдағанына алғыс білдірді.

    "Біздің өмірді өзімізден артық ешкім білмейді. Уайымдағаныңыз үшін рахмет", - деп жауап қайтарған.

    Сонымен қатар әншінің тағы бір оқырманы "Жахан сізге арнап stories салып, қоштасыпты", - деп пікір қалдырды.

    Өнер иесі бұрынғы күйеуімен қоштасқанына біраз болғанын жазды.

    "Біздің қоштасқанымызға біраз болды", - деп пікір жазды Балжан Бидаш.

    Айта кетейік, былтыр қыркүйек айында әнші Балжан Бидаш жұбайы Жахан Отарғалиев екеуінің екі жаққа кеткенін ресми түрде мәлімдеді.

    Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын актер Жахан Отарғалиев Стамбұлда Балжан Бидашқа алғаш сезімін білдірген жерге арнайы барып, онымен қоштасқан болатын.

    Балжан Бидаш пікір
    Балжан Бидаш пікір. Скриншот: instagram.com/bidash_official

    Балжан Бидаш бұрынғы күйеуіне қайта қосылуға үгіттеген оқырманына жауап берді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.