jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
АС
Акырыс Сейтказы
Бұрынғы қызметкер

Биылғы мектеп түлектері оқушылық өмірмен қалай қоштасты? (фото, видео)

: UGC

Маусымның соңғы аптасында еліміздегі мектеп бітіруші түлектер қолдарына аттестат алып, алтын ұя мектептерімен қоштасты. Биылғы мектеп түлектері бітіру кеші мен серуен кезінде көпшліктің ойына келе бермейтін әрекеттерімен есте қалды.

Осы орайда, биылғы мектеп түлектерінің ең есте қалаларлық оқиғаларын ztb.kz сайтына сілтеме жасап назарларыңызға ұсынамыз.

Әдеттегідей, Шымкенттен бастаймыз. Шымқаладағы түлектер кіл қара түсті қымбат машиналармен серуенге шығып, бірнеше метрге созылатын кептеліс тудырды. Осыншама көлікпен қыдыруға шыққан түлектер жолда өзге де жүргізушілер барын ұмытқан тәрізді.

Алматылық түлектер болса, қаладағы фонтанға секіріп әлек болды. Олардың бұл әрекетіне де ешкім қой деген жоқ.

Түлектердің "ессіз" билері де ғаламторда жиі қаралды. Мұндай би арқылы олардың мектеппен қош айтысқанына қуанып тұрғанын байқамау мүмкін емес.

Ал, шамамен екі ай бұрын мектепте бантик тағып отырған бұл оқушы қыз мектеп өмірімен осылай қоштасты. Әзірге бұл фотоның қайда түсірілгені белгісіз.

Бір қызығы, түлектердің барлығы да мұндай емес болып шықты. Маңғыстау облысындағы Түпқараған мектеп-лицейінің түлектері бітіру кешінен бас тартып, сырқат қыз балаға ақша жинап берді. Осылайша, олар Әсел Исатайқызының емделуіне көмектескен.

Кейін бұл акцияға Ақтөбе, Астана, Алматы, Атырау және Павлодар мектептеріндегі түлектер қосылып, жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік алынған.

Тағы да оқыңыздар:

Жазғы каникулға шыққан депутаттар шетел асып, теңіз жағасында қыздырынбақ

ОҚО-да қазақша жаза алмайтын баспасөз хатшысы жергілікті журналистерге жақпай қалды

Бас прокурор 6 адамды қағып, бір жігіттің өліміне себепкер болған Мақсат Үсеновті ақтап шықты

Америкалық жігіт өзінің iPhone-нына үйленіп, шіркеуде некесін қиды

Өз тобында бірде-бір рет жеңбеген Португалия жартылай финалға шықты

Көкшетауда жоғалып кеткен жігіттің денесі бөлшектелген күйінде табылды

Биылғы мектеп түлектері оқушылық өмірмен қалай қоштасты?  (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.