Шымкент әкімінің есебіне келген халық күлкіге қарық болып, бата алып қайтты (видео)

Опубликовано:

Шымкент әкімінің есебіне келген тұрғындар жиыннан бата алып, күлкіге қарық болып қайтты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шымкент әкімінің есебіне қатысқан еңбек ардагері, «Құрмет» орденінің иегері Әділхан Сұлтанбеков қала бір жылда жақсы қырынан өзгергенін алға тартып, игі жұмыстардың жүргізіліп жатқанын жасырмады. Мұнан соң қария жиынға келгендерге бата беріп, көпшіліктің алғысын алды.

«Періштелер халқыма серік болсын, қазақ халқының денсаулығы берік болсын, өсіп өнсін, иман берсін. Жүрек ақ болсын, Алла тағала жақ болсын. Қазақтың азаматтары аттан түспесін... Халқы ырысты, береке, ынтымақ болсын. Басшы біреу болып, қалғаны қосшы болып, мемлекетті көркейтуге халық, ел болып, өмір бақи алға жүрейік. Дендерің сау, көргендерің жақсы болсын, әумин!», - деді ақсақал.

Сондай-ақ, әкімнің есебінен кейін мінберге шығып сөз сөйлеген шымкенттік тұрғын жұртшылықты 8 наурыз мерекесімен құттықтап, күллі залды күлкіге қарық қылды.

Тұрмахан Сламұлы есімді азамат қалада жұмыстардың атқарылып жатқанын алға тартып, сөз сөйлеуге берілген мүмкіндігін пайдаланып қалуға тырысқанын жасырмай айтты. Содан соң қыз-келіншектерді алда келе жатқан Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

«Қала қырық жыл бұрын қандай еді, қазір қандай болды? Осыған да шүкір. Көптеген тірліктер істелініп жатыр. 8 наурызға аз ғана уақыт бар. Оған дейін кездеспеуіміз де мүмкін... Баршаңызды, ал ер адамдар үйлеріңіздегі жұбайларыңызды, қыздарыңызды келе жатқан 8 наурыз мейрамымен құттықтаймын. Бір ай жетпейтін уақыт қалды. Одан кейін Наурыз, жаңа жылыңызбен құттықтаймын. Басымызды салбыратып төмен қарай жүре бермесек, бәрі жақсы болады»,-деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, NUR.KZ порталын бұған дейін Шымкент әкімінің есебіне келгендердің тәтті ұйқыға батқаны туралы жазған болатын.

Тағы оқыңыздар:

Ел билігінде отырған ағайынды шенеуніктер кімдер? (фото)

Баян Есентаева: Мен екі бірдей отбасының ойраны шыққанын түсінемін

Ел алдында Тәуекелмен сүйіскен Жанар Дұғалова тыңдармандарына жақпай қалды

Семейде Абайдан гөрі Лениннің ескерткіштері әлдеқайда көп болып шықты (фото)

Күйзелген адамды жөргекке орап емдейтін жапондықтар жұртты таңғалдырды 

Баян Есентаеваның сүйіктісі "Құрмет" орденімен марапатталды 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1402195-shymkent-akimininh-esebine-kelgen-turgh/

jitsu gif